Australian Open: Юлия Путинцева төртінші айналымға шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен ойнады.

Қарсыластардың осыған дейін жеті мәрте жолдары тоқайласса, соның алғашқы екеуінде қазақстандық, соңғы бесеуінде украиналық теннисші қатарынан жеңіске жеткен.

Бұл жолы бірінші партия барысында Ю.Путинцева екі рет брейк жасап, алға шыққанымен, Э.Свитолина таразы басын теңестіріп отырды. Ақыры Элина есеп 5:4 болғанда, тағы бір брейк жасап кетті – 6:4.

Екінші сетте украиналық теннисші брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры ол матчты 6:0 есебімен бітірді.

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

Э.Свитолина ширек финалға шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, франициялық Кристина Младенович немесе рейтингте 61-сатыдағы америкалық Джессика Пегуланың біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның үшінші айналымға өткенін, Зарина Диястың төртінші айналымға шыға алмағанын, Александр Бублик пен Андрей Голубевтің екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар