Australian Open: Заңғар Нұрланұлы жұптық сындағы кездесуін сәтті өткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы жұптық сында жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші үндістандық, 17 жастағы Криш Тиаджимен бірге бастапқы кездесуінде аустралиялық Круз Хюитт – хорватиялық Дуйе Марковинамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-үндістандық жұп бәсекені сәтті бастады – 6:2.
Екіншісінде аустралиялық-хорватиялық дуэт есе қайырды – 6:1.
Супер тай-брейкте Нұрланұлы – Тиаджи жеңісті жұлып алды – 10:4.
Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Жұптық сында Әмір Омарханов та өнер көрсетеді. Ол ресейлік Тимофей Дерипаско екеуі жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген.
«Үлкен дулыға» турниріне алғаш қатысып жатқан Заңғар Нұрланұлы жекелей сында да екінші айналымға өткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның төртінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғашқы жеңіске қол жеткізді.
Сандуғаш Кенжебаева екінші рет Түркиядағы жарыстың чемпионы атанды.
Аустралия чемпионатында Әмір Омарханов екінші айналымға жолдама алды.