Аустралия армиясын алғаш рет әйел басқарады

АСТАНА.KAZINFORM - Аустралия Қарулы күштері басшылығындағы өзгерістерге байланысты біріккен Күштердің қазіргі бастығы генерал-лейтенант Сьюзан Койл 2026 жылдың шілде айынан бастап Құрлық әскерін басқарады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.  

Армию Австралии впервые в истории возглавит женщина
Фото: Kym Smith/Defence PR

55 жастағы Сьюзан Койл генерал-лейтенант Саймон Стюарттың орнына келіп, Аустрия тарихындағы Қарулы күштерді басқарған алғашқы әйел болмақ.

- Шілде айынан бастап бізде Аустралия армиясы тарихындағы алғашқы әйел штаб бастығы болады, - деді премьер-министр Энтони Албаниз өз мәлімдемесінде.

Койлдың тағайындалуы Аустралия қорғаныс күштері қатарындағы әйел-офицерлер санын көбейтуге бағытталған шаралар аясында жүзеге асты.

- Сьюзанның жетістігі бүгінде Аустралия қорғаныс күштерінде қызмет ететін әйелдер үшін және болашақта Аустралия қорғаныс күштерінде қызмет етуді қарастырып жатқан әйелдер үшін үлкен маңызға ие болады, - деді ол.

Қазір Аустралия қорғаныс күштерінің (ADF) шамамен 21%-ы және басшылық лауазымдардың 18,5%-ы әйелдер. Әскери-теңіз күштері (ӘҚК) 2030 жылға қарай жалпы күштердің 25%-ына жетуді мақсат етіп қойды.

Бұған дейін жастарды әскери қызметке тартудағы қиындықтарға қарамастан, Жапония 2030 жылға қарай әскери қызметтегі әйелдер үлесін арттыратыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар