Аустралия ашық чемпионаты ең көп жанкүйер жинаған жарыс болды
Биылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирін мінбеден 839 192 көрермен тамашалады. Ал іріктеу матчтарын қоса есептегенде, 902 312-ге жетті.
Бұл 2020 жылғы Аустралия ашық біріншілігінде жасалған рекордтан асып түсті. Онда 812 174 көрермен жиналған еді. Одан кейін коронавирус індеті басталғаны белгілі.
Өткен жылы Уимблдонда 515 164, Франция ашық чемпионатында 613 500, US Open додасында 776 120 көрермен теннис ойындарын тамашалаған болатын.
Биылғы жарысқа Ник Кирьос, Карлос Алькарас және Наоми Осака сынды атақты теннисшілер қатыспаса да, рекордтық нәтижеге қол жетті. Оған қоса Роджер Федерердің өткен жылдың күзінде тенниспен қоштасқаны белгілі. Сондай-ақ бұл атышулы Серена Уильямстің теннистен кейінгі бірінші «Үлкен дулыға» турнирі еді.
«Ұлы ойыншылар кеткеннен кейін қызығушылық азаяды делінсе де, адамдардың тенниске ынта-ықыласы бәсеңдеген жоқ», деді Tennis Australia атқарушы директоры Крейг Тайли Melbourne Age-ге берген сұхбатында.
Биылғы Аустралия чемпионатында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның финалға дейін жеткені белгілі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинанның эйс жасаудан рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.
Юлия Путинцева Таиландтағы WTA жарысында жеңіліп қалды.
ФОТО: GETTY IMAGES