Аустралия COP31 конференциясын Түркиямен бірге өткізуден бас тартты
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Энтони Альбанезе Аустралияның Түркиямен бірге COP31 климаттық саммитін бірлесіп өткізбейтінін мәлімдеді. Себебі екі ел арасында келесі жылғы конференцияны қайсысы өткізуі керек деген мәселе бойынша әлі де келіспеушіліктер туындап отыр, деп хабарлайды Reuters.
2022 жылы Аустралия мен Түркия COP31 саммитін өткізуге өтініш берді, бірақ ешқайсы өтінімін қайтарып алған жоқ, бұл қазіргі уақытта Бразилияның Белем қаласында өтіп жатқан биылғы COP30 кездесуінде шешілуі тиіс жағдайға әкелді.
Түркия келесі жылы БҰҰ климаттық саммитін Аустралиямен бірлесіп өткізуді ұсынды, бірақ саммитті өткізу мәселесі бойынша келіссөз әлі шешілген жоқ.
- Жоқ, біз бірлесіп өткізбейміз, себебі бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (БҰҰКШК) ережелерінде көзделмеген, - деп мәлімдеді Альбанезе.
Соңғы апталарда Албания мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алмасқан хаттар жағдайды анықтай алған жоқ және екі тараптың да ұстанымын нығайта түскен сияқты.
БҰҰ ережелері COP31 конференциясын өткізу кезегі келген «Батыс Еуропа және басқалар» блогының 28 мүшесінің бірауыздан келісімін талап етіп отыр. Бұл блокқа Аустралия мен Түркия кіреді. Егер Канберра да, Анкара да ымыраға келе алмаса, конференцияны өткізу міндеті БҰҰ-ның климат мәселелері жөніндегі штаб-пәтері орналасқан Германияның Бонн қаласына жүктеледі. Алайда неміс шенеуніктері бұл форумды қабылдағысы келмейтінін мәлімдеді.
Осыған дейін Бразилияның Белем қаласында климаттың өзгеруіне байланысты өткен БҰҰ-ның 30-шы конференциясында 12 елден тұратын топ климаттың өзгеруі туралы декларацияға қол қойғанын жазған болатынбыз.