Аустралия Газада қаза тапқандардың өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе Газаға гуманитарлық көмек жеткізу кезінде қаза тапқан аустралиялық азаматтың өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті, деп жазады Синхуа агенттігі.

Израиль Газа секторында 6 апталық бітімге келісті, соңғы сөз ХАМАС-та – БАҚ
Фото: Anadolu

Э.Альбанезе дүйсенбі күні «World Central Kitchen» гуманитарлық ұйымындағы қызметі кезінде Аустралия азаматы Зоми Фрэнкомның Газа секторындағы әуе шабуылынан қаза тапқанын айтты.

Баспасөз мәслихатында сөйлеген Аустралия премьер-министрі З.Фрэнктің өлімін бассыздыққа балап, Аустралияның Сыртқы істер және сауда министрлігі Израиль елшісімен кездесуді сұрағанын айтып, оқиғаны шектен шыққандық деп атады.