Аустралияда 2,4 миллион баланың өмірін сақтап қалған донор қайтыс болды
АСТАНА. KAZINFORM - Аустралияда әлемдегі ең танымал донорлардың бірі қайтыс болды. Оның плазмасы 2,4 миллион сәбидің өмірін сақтап қалды, өйткені оның құрамында ерекше сарысу жасау үшін қолданылатын сирек иммуноглобулин (анти-D) бар.

Ол резус факторы теріс жүкті әйелдерге, ана мен балаларға тағайындалады, деп жазады ВВС.
Джеймс Харрисон 88 жаста. Ол 17 ақпанда Жаңа Оңтүстік Уэльстегі қарттар үйінде қайтыс болды, бірақ оның отбасы оның қайтыс болғанын бүгін ғана хабарлады.
Аустралиялық Қызыл Крест Қан қызметі Харрисонның некрологында ол 14 жасында кеуде қуысына күрделі операция жасатып, қан құйғаннан кейін донор болуды шешкенін жазды.
Ол 18 жасында қан плазмасын тапсыра бастады және оны 81 жасына дейін жалғастырып келген. 2005 жылы ең көп плазма тапсырған донор ретінде әлемдік рекорд орнатты.
Кейін 2022 жылы бұл рекордты америкалық донор жаңартты. Оған дейін ол әлемдегі ең жомарт донор саналып келді.
Осыған дейін Алматы облысында қайтыс болған донордың 4 адамның өмірін сақтап қалғанын жаздық.