Аустралияда иммиграцияға қарсы жаппай шеру өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні ел бойынша мыңдаған австралиялық иммиграцияға қарсылық білдіру үшін көшелерге шықты. Сидней, Мельбурн және басқа да ірі қалаларда «Аустралия үшін марш» акциясы өтті, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап.

Аустралияда иммиграцияға қарсы жаппай шеру өтіп жатыр
Фото: BBC

Шерулерге бірқатар оппозициялық саясаткер, соның ішінде Бір ұлт сенаторы Полин Хэнсон мен федералды депутат Боб Каттер қосылды. Үкімет бұл шерулерді әсіре оңшылдармен байланысты деп айыптады. 

– Сиднейдегі шеруге 8 мыңға жуық адам жиналды, - деп хабарлайды ABC Australia. 

Мельбурн қаласындағы наразылық білдірушілер Палестинаны қолдап шеруге шыққандармен қақтығысты. Спикерлер арасында елдің жетекші неонацисті Томас Сьюэлл болды. Ол Парламент үйінің алдында жиналған қауымға сөз сөйледі. 

Аделаидада полиция шеру мен қарсы шеруге 15 000 адам қатысты деп ақпарат таратты. 

Осы аптаның басында үкімет митингілерге қарсы екенін айтып, «Аустралияда өшпенділікке орын жоқ» екенін ескертті. 

Өз кезегінде Ішкі істер министрі Тони Берк Аустралияда әлеуметтік біртұтастықты бөлуге және бұзуға тырысатын адамдарға орын жоқ екенін ерекше атап өтті. 

Бұған дейін Аустралияда мұғалімдер ереуілге шыққан болатын. 

Соңғы жаңалықтар