Аустралияда күннен қорғайтын кремдерге қатысты жанжал шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Аустралияда күннен қорғайтын кремдерге қатысты жанжал өршіді. Елде ең танымал әрі қымбат саналатын өнімдердің кейбірі күткен нәтижені бермейтіні анықталды, деп хабарлайды BBC News.
Әлемде тері қатерлі ісігі ең көп тіркелетін елдердің бірі саналатын Аустралияда 34 жастағы Рэйч есімді тұрғын күннен қорғану шараларын қатаң сақтап келген. Бала кезінен-ақ ол бас киімсіз көшеге шықпауды әдетке айналдырып, күн сайын бірнеше рет күннен қорғайтын крем жаққан. Соған қарамастан, өткен жылы дәрігерлер оның мұрнынан қатерлі ісік анықтаған.
— Мен қатты абыржып, ашуландым. Өйткені барлығын дұрыс жасап жүрмін деп ойлайтынмын, – деді ол сұхбатында.
Рэйч қолданған кремнің кейбір сынақтарда күн сәулесінен нақты қорғаныс бермейтіні анықталды. Тәуелсіз Choice Australia ұйымы жүргізген зерттеу бірнеше танымал маркалардың өнімдері қаптамада көрсетілген деңгейде қорғай алмайтынын көрсетті.
Бұл жаңалық қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тұтынушылар наразылық танытып, медициналық бақылау органдары тексеріс бастады. Бірқатар өнімдер саудадан алынып тасталды. Сонымен қатар күннен қорғайтын кремдер индустриясының әлемдік деңгейде қалай реттелетініне қатысты сұрақтар пайда болды.
Косметикалық химия саласының маманы Мишель Вонг бұл мәселе тек Аустралияға ғана емес, бүкіл әлемге ортақ екенін атап өтті.
Айта кетейік, Австралияда жасанды жүрекпен өмір сүретін әлемдегі алғашқы адам тұрады.