Аустралияда мұғалімдер ереуілге шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Квинсленд штатының 50 мыңға жуық мемлекеттік мектебінің мұғалімдері 2009 жылдан бері бірінші рет болған үлкен ереуілге қатысты, деп хабарлайды 9News.

Аустралияда мұғалімдер ереуілге шықты
Фото: 9News

Акция штаттағы барлық 1266 мектепті және 560 мыңнан астам оқушыны қамтыды.

Наразылық үкіметтің жалақыны үш жыл ішінде 8 пайызға көтеру туралы ұсынысына қарсылық танытудан туындаған. Квинсленд мұғалімдерінің одағы (QTU) бұл ұсынысты қабылдамады, ол кадр тапшылығын жою, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбек жағдайын жақсарту қажет деп мәлімдеді.

Мәселені шешу үшін кәсіподақ пен министрлер кабинеті өкілдері Квинсленд еңбек қатынастары комиссиясында келіссөздер жүргізеді.

Еске сала кетейік, Аустралияда 16 жасқа толмаған балаларға YouTube аккаунттарына кіруге тыйым салынады.

 

Соңғы жаңалықтар