Аустралияда спортшы акула шабуылынан қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Құтқарушылар Сиднейден солтүстікке қарай 360 шақырым жерде орналасқан Кроуди шығанағы ұлттық саябағындағы қорғалмаған жағажайға жедел шақыру арқылы келді, деп хабарлайды Bild.

акула
Фото: freepik

27 қараша күні таңертең акула екі адамға шабуыл жасаған.

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем келгенше зардап шеккендерге көмектесті. Бірақ 25 жастағы Ливия М. үшін көмек тым кеш келген. Ол алған жарақатынан жағажайда қайтыс болды. Оның 26 ​​жастағы досы да ауыр жарақат алып, ауруханаға ауыр жағдайда тікұшақпен жеткізілді.

Қайтыс болған Ливия М. жақында жарыс төрешісі болып жұмыс істеген синхронды жүзгіш еді. Аустралиялық БАҚ-тың хабарлауынша, тірі қалған жас жігіт те спортшы болған.

Sydney Morning Herald газетінің хабарлауынша, олар GoPro камерасымен дельфиндерді түсіру үшін суға түскен. Бір кезде Ливияға үлкен бұқа-акула шабуыл жасаған. Оның досы оны қорғауға тырысып, өзі жарақат алған. Жігіт аяғындағы ауыр жарақатына қарамастан, досын жағаға шығарып, құтқарушыларды шақыра алды.

Биыл Аустралияда акула шабуылынан бес адам қайтыс болды.

Бұған дейін Қостанай облысында жабайы түлкілер адамға шабуыл жасағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар