Аусыл жұқпасы анықталған Ақмола облысында 80 мыңнан астам үй жануары егілді

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Аусыл жұқпасы анықталған Ақмола облысында 80 мыңнан астам үй жануары егілді.
None
None

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

«Маусымның 22-сі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша эпизоотикалық ошақта ірі қара малдың (ІҚМ) 507 басы, 763 - ұсақ мал (ҰМ) және 420 шошқа жойылды. Сондай-ақ 29807 бас - ІҚМ, 45 364 - ҰМ және 8814 шошқа егілді», анықтады ТЖМ-дан.

Еске сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы маусымның 15-і күні Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новодолинка ауылында тексеру жүргізіп, 241 ірі қара мал басынан «О» антиген типті аусыл ауруын тапқан болатын. Аудан әкімі ауыл аумағында карантин салу туралы қаулы шығарды. Эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар