Ауыл адамдарының мәселелері жоспарға сай шешімін табатын болады - Павлодар облысы аудандарының даму бағдарламалары құрылуда

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев өткізген Павлодар облысының әкімдігіндегі кеңес Май ауданындағы мәселелерге қатысты болды.
None
None

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік бағдарламалар басқарламалары шешімі табылмай отырған мәселелерді қамтитын сараптамалық баяндамаларын оқыды.

Май ауданында халықтың онкологиялық және жүрек ауруларымен сырқаттану мөлшері облыстық орташа көрсеткіштен жоғары. Мектеп түлектері ҰБТ бойынша ең төменгі ұпай жинаған. Халықтың еңбекпен қамтылу мәселесі баяу түрде шешілуде, ауыл азаматтарының маскүнемділікке тәуелділігі артып, қылмыс саны да көбейген.

«Аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады, су құбырларын тарту үшін қажетті қаражат бөлініп қойды. Бізге ауыл мәселелерінің сараптамасы, оларды шешу жолдары, шығын мөлшерінің мәліметтері қажет. Облыстың үш жылдық бюджеті құрылып жатыр, ауыл аймақтарының даму бағдарламасы мен нақты сараптама халық мәселесін шешуге жол береді», - деп атап өтті Б.Сағынтаев. Аймақ басшысы жетістіктер жазылған есеп емес, ауыл халқының бар мұқтажын қамтитын сараптамалық баяндама күтетіндігін аудан әкімдеріне ескертті.

Соңғы жаңалықтар