13:46, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ауыл әкімі пара алғаны үшін сотталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылдық оқкругінің әкімі К.Райбеков қарамағындағы қызметкерден пара алғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол биылғы маусымның 7-сі күні ауылдық округ әкімі аппаратының заңгер-консультанты А.Махановадан жұмысқа қабылдағаны әрі жұмыс барысында қамқоршылық жасайтындығы үшін 50 мың теңге пара талап еткен. Келесі күні аталған қызметкерден 24 мың теңге пара алып жатқан кезінде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түсті. Ол жалпы қорқыту жолымен А.Махановадан 54 мың теңге алған.
Аталмыш қылмыс дерегі бойынша Қ.Райбеков сол күні қамауға алынды. Сырдария аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік лауазымды жұмыс атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.