Ауыл кітапханалары ақпараттық-ағартушылық орталықтар болуы керек - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда  өткен  аймақтық семинарға ауыл кітапханаларын   дамыту,   оларды жаңартып,  заманауи    ағартушылық орталықтарына айналдыру  мәселелері     арқау  болды, 
None
None

деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар   17  кітапханасының 11-і    модельдік кітапхана   мәртебесіне ие болған  Павлодар ауданының    Набережное селосындағы   кітапханада  өтті. Аталмыш  кітапханаларда Интернетке шығу мүмкіндігі бар  компьютерлер  орнатылған,  оқырмандарға ақпараттық қызметтер көрсету мен облыстық   кітапханадан   қажетті материалдар  алудың мүмкіндіктері  барынша кеңейтілген.  Өңірде енгізіліп  отырған  «РАБИС»  бағдарламасы     республиканың  барлық  ірі  мәдени  орталықтарының базаларына қосылуды  қамтамасыз  етіп  отыр.

Семинарды ұйымдастырып отырған  С.Торайғыров  атындағы облыстық  кітапхана   қатысушыларға     ақпараттық дискілер  мен  кітапханаларды  жаңарту   бойынша әдістемелік   оқулықтар    дайындады.

Павлодар облысында 40-тан  астам  ауыл  кітапханасы    модельдік    кітапхана мәртебесіне ие,   ал олардың 15-інің  өз сайты  бар.

Соңғы жаңалықтар