Ауыл медицинасының ахуалы жақсара түседі - Қызылорда облысы

   ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Жалағаш ауданындағы Мақпалкөл ауылында ауысымына 30 адам қабылдай алатын типтік жобадағы дәрігерлік амбулатория бой көтерді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Құрылыс мердігері «Корпорация-Рестром ТС» ЖШС болып бекітіліп, облыстық бюджеттен 47 млн. теңге бөлінген. Аталған қаржының өткен жылы 17 млн. теңгесі  толық игерілген. Биылғы жылға 30 млн. теңге бөлініп, атқарылуы тиісті жұмыстар толығымен аяқталып отыр. Ендігі кезекте ғимаратты мемлекеттік комиссия сараптаудан өткізіп, халық игілігіне жарататын күн де алыс емес.

Дәл осындай емдеу мекемелері басқа да ауылдарда өз деңгейінде жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Жаңақоныс елді мекенінде медициналық пункт салынса, Мәдениет ауылдық округіне қарасты Сәтпай ауылында осындай  құрылыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Жаңақоныста емдеу пунктінің жоқтығы тұрғындарға қиындық туғызып келген болатын. Дертіне шипа іздегендер Таң ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға қатынауға мәжбүр еді.

Жаңадан бой көтерген медициналық пунктті салуға облыстық бюджеттен 8 млн. 221 мың теңге қарастырылып, «Намыс-Құрылыс» ЖШС міндетті жұмыстарды өз деңгейінде атқарып шықты. Салынған ғимарат мемлекеттік комиссияға ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар