Ауыл мұғалімі ғылым кандидаты атанды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/- Жаңақорған ауда­нындағы №125 С.Сапарбеков атын­дағы орта мектеп дирек­торының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Салтанат Үсенбаева филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына ие болды.
None
None

Ол диссертациясын ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институты жа­нындағы диссер­тациялық кеңестің мәжілі­сінде «Көр­кем мәтіндегі сөйлеу тілінің лингвистикалық қыз­меті» деген тақырыпта қорғады.

2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моде­лінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды жүзеге асыр­мақ­шы. Онда жоғары оқу орында­рының рейтингісі әлемдік дең­гейге жету керек екендігі атап көрсетілген. Ал қазіргі білім беру қандай болуы керек, ол қандай міндеттерді шешуге тиіс. Ғылым қайраткерлері қатарына жаңадан қосылып отырған кандидаттың ғылы­ми еңбегінде осы мәселе кеңінен қозғалады.

Соңғы жаңалықтар