Ауыл партиясының бастамасымен «Рухани өрлеу» клубының отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызда Ауыл партиясының бастамасымен «Рухани өрлеу» клубының отырысы өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар және сараптамалық қауымдастық мүшелері қатысты.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сөз сөйлеушілер бүгінгі кезеңде халықтың дәстүрлі құндылықтарын сақтап, дамыту маңыздылығы және қажеттілігі туралы атап өткен.

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, «мемлекет экономиканы модернизациялау, елдің әлеуметтік саласын өзгерту бағытында халықтың тарихи тамыры мен мәдениетін қолдана білуі тиіс. Халықтың мықты рухани қазығы қоғам мен мемлекеттің өркендеп дамуында рөлі ерекше».

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым «моральды-рухани құндылықтарды дамытып сақтау қоғамның қарышты дамуында бұлжымас талап болып табылады, деп атап өтті. «Елдің әлеуметтік жаңғыруында руханилықты негізгі қазыққа айналдыруда қандай тәсілдер мен тетіктерді қолдану қажеттігі бағытында ойымыз ортақ» деді ол.

Клуб отырысына қатысушылар геосаясиаумалы-төкпелі кезеңде дәстүрлі құндылықтарды сақтап, жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Институционалдық реформалар біздің дәстүрімізді сақтаудың замануи шарасы деп атап өтті олар.

Соңғы жаңалықтар
telegram