Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағына жаңа төраға сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының Салалық кеңесі өтті.  Жиында ұйымның басшылығы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
None
None

Кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшылық құрамы шақырылды.

Кеңес аясында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Әбубәкір Сүлейменов Салалық кеңес мүшелеріне денсаулығына байланысты лауазымнан уақыттан бұрын босату жөніндегі өтінішін қарастыруды сұрады және осы лауазымға Егор Каппельді ұсынды.

Кеңес мүшелері бірігіп атқарылған көп жылдық еңбек үшін алғыстарын білдірді.

Салалық кәсіподақтың Жарғысына сәйкес Салалық кеңес осы ұсынысты қолдады және Ә.Сүлейменовті денсаулығына байланысты лауазымнан уақыттан бұрын босатуға бірауыздан дауыс берді және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы ретінде  Егор Яковлевичті сайлады.

Кеңесте ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым сөз сөйледі және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Салалық Кеңесіне алғыс білдірді. 

Егор Каппель ауыл шаруашылығы саласында, басшылық қызметте  елеулі еңбек атқарған. Парламент Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар