Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысында сапармен жүр

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысына келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомство басшысы аймаққа ауыл шаруашылығы және өңдеуші кәсіпорындардың жұмыстарымен ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын ырықтандыру жөніндегі шаралармен де танысу мақсатында келіп отыр. Министр бүгін Қарағандыдағы сауда рыноктарының бірінде өтіп жатқан ауыл шарушылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде болды. Сапар бағдарламасы бойынша министр бүгін маргарин зауытында, көкөніс сақтау қоймасында болады. Министр сондай-ақ, әлеуметтік павильондардың жұмысымен танысып, онда сатылып жатқан көкөністер мен жемістердің бағалары қаншалықты арзан екендігіне көз жеткізбек. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағанындай, министр одан кейін Абай ауданына аттанып, ондағы бірқатар шаруашылықтар мен жылыжай кешенінің жұмысымен танысады.
Соңғы жаңалықтар