Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджет қаражатын тиімді пайдалана алмай отыр - депутат Ж.Ахметбеков

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігі бюджет қаражатын тиімді пайдалана алмай отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықтық коммунистер» фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков мәлім етті.
None
None

Депутат атап көрсеткендей, қазіргі кезде Қазақстан халқының жартысынан көбі ауылды жерлерде тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығына қыруар қаржы құйылып жатыр. «Бірақ министрлік әлі күнге дейін осы саланы аяққа тік тұрғыза алмады. Ашығын айту керек, ауылдар бос қалып, тозып, жабылып жатыр. Оның бәрін халық көріп жүр ғой. Жалпы, Үкімет аграрлық кешеннің мол мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отыр. Мәселен, Қазақстанның кең байтақ жеріне қарамастан, ет пен сүт өнімдерін сырттан алып жатырмыз. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді ірі бай-манаптар алып қойған. Оны да ашық айтуымыз қажет. Бұқара халыққа шағын үй шаруашылығын жүргізуге де жер жоқ. Министрлік өз табиғатымызға бейім малды өсірудің орнына шетелден тегі белгісіз торпақтарды қыруар қаржыға сатып алуға әзір. Ал Үкіметтің нақты жоспары болса, мал жайлымына қолайлы аймақтарды дамытуға болар еді. Шөл және шөлейіт өңірлерде сол табиғатқа тән малдарды өсіруге болады. Сол арқылы сүт, қымыз бен шұбатты өндіруге болады. Негізі, мал шаруашылығы Үкіметтің назарынан тыс қалған тұтас бір сала деуге болады», - деп атап көрсетті Ж.Ахметбеков.

Соңғы жаңалықтар