13:44, 05 Қараша 2013 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы министрлігі игерілмеген бюджет қаржысының көлемі жағынан «көш бастап тұр»
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев биылғы бюджет қаражатын игермей қалған мемлекеттік органдарды атап берді.

Оның хабарлауынша, биылғы республикалық бюджетті нақтылау жұмысы аясында игерілмеген қаражаттың барлығы кері қайтарылады. Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша 9 млрд. 678 млн. теңге, ҚР Қаржы министрлігі - 8 млрд. 538 млн. теңге, ҚР Білім және ғылым министрлігі - 7 млрд. 240 млн. теңге, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі - 6 млрд. 345 млн. теңге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі - 6 млрд. 55 млн. теңге, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - 2 млрд. 285 млн. теңге, ҚР Қауіпсіздік комитеті - 1 млрд. 411 млн. теңге, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі - 1 млрд. 388 млн. теңге, ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 млрд. 304 млн. теңгені игермеген.