Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік банк 5 жылдан бері жүзеге асырып жатқан жобаларының қорытындысын шығарды

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік банк 2007 жылдан бері 600-ден астам жобаны жүзеге асыруда. Бұл бүгін Алматыда өткен «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін көтеру - Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың негізі» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарда айтылды.
None
None

«Бүгінгі семинарда ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік банктің 5 жылдан бері жүзеге асырып жатқан жобаларының қорытындысы шығарылды. Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатын көздейтін бұл жобалардың жалпы құны 3 миллиард 341 миллион теңгеден асады», - дейді жобаларды үйлестіру орталығының жетекшісі Әйіп Ысқақов. Оның айтуынша, бірлескен жобалардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысында іске асырылуда. Атап айтқанда, 82 жобаның 12 пайызы жоғары, 69 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. Сондай-ақ 72 жоба толық аяқталды. Соның нәтижесінде 3 шаруашылық асыл тұқымды мәртебесін алып, 3 мал сою цехы салынды. 52 жаңа технологиялар мен ғылыми жасалымдар енгізілді. Енді 2012 жылдың 30 маусымында бірлесіп жүзеге асырып жатқан өзге жобалар да толық аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар