Ауыл шаруашылығы министрлігі ШҚО-ның марал және ара шаруашылықтарына мән бермей отыр

ӨСКЕМЕН. 5 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанды әлемге танытатын, әрі табыс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығының бірегей салалары - омарта және марал шаруашылығын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «өгейсінді».
None
None

Аталған шаруашылық фермерлері Ауыл шаруашылығы министрлігіне қанша дабыл қақса да, ауыл шаруашылығы салалары тізбесіне енгізуді қанша сұраса да ондағылар мойын бұрып қарар емес.

Марал шаруашылығы және омарта шығыс Қазақстанның ата кәсібі десе де болады. Мұнда алтай маралдары мен араларының асыл тұқымдары сақталған. Бірақ, әттең, сол асыл тұқымдылар жылдан жылға азайып келеді. Мемлекеттік мақсатты қолдау болмаса, тіпті жойылып кету қаупі бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің көмегін күте-күте «сарғайған» өңірдегілер марал және аралардың асыл тұқымдарын дамытуға қаржыны санаулы тұрған облыстық бюджеттен алуға шешім қабылдады. Ағымдағы жылы марал асыл тұқымдыларының басын дамытуға 41 млн. 180 мың теңге, ара шаруашылығына - 26 млн. 649 мың теңге субсидияланды. Сондай-ақ, техникум базасында омарташылар даярлау да қалпына келтірілді.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстанның ара шаруашылығы өз өнімімен сыртқы нарықты да жаулап алмақ. Бірақ онда өз конъюнктурасы қалыптасып үлгерген. Мысалы, «араб» базарында ресейлік алтай балының 1 келісі 40 АҚШ долларына сатылады. Омарташылар арабтардың Қазақстан балының 1 келісін 3 АҚШ долларынан артық бағаға алуға келіспейтінін айтуда. Омарташылар үшін ең тиімді нарық - көршілес Қытай. Қазір өңірде осы бағытта жұмыс жасалуда.

Ал марал мүйізінің емдік қасиеті әлем жұртына белгілі. Қатонқарағай ауданында алты ірі марал өсіру шаруашылығы емдік пансионаттар салды. Биыл «Багратион» шаруашылық қожалығы өнертапқыш Владимир Ковшикпен бірге «нанотехнологиямен ұсақтау» арқылы марал мүйізінің құрғақ ұнтағын өндіруді енгізді.

Соңғы жаңалықтар