Ауыл шаруашылығы министрлігі үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші кезекте аралас секторды дамытуға күш салуы тиіс - Ә.Исекешов

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші кезекте аралас секторды дамытуға күш салуы тиіс. Бұл ретте біз үшін ауыл шаруашылығына қажетті машина құрылысын қолға алу маңызды. Бұл туралы бүгін үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына дайындық шараларын қорытындылауға арналған үйлестіру кеңесінің отырысында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда біз ауыл шаруашылығы техникаларын, атап айтқанда комбайндар мен тракторлар және жылу құрылғыларын шығаруды қолға алу жағын қарастырудамыз. Бұл ретте бізге жан-жақты әрі жіті қарастырылған әрі үйлестірілген саясат жүргізу керек. Екінші кезекте бізге терең қайта өңдеу жағына көңіл бөлген жөн. Ет, астық, былғары, жүн сияқты ресурстарды барынша жақсы өңдеуге күш салған дұрыс», деді  министр.

Соңғы жаңалықтар