08:27, 18 Қаңтар 2011 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы нысандарында жыл ішінде 108,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, өңірде барлық санаттағы ауыл шаруашылығы нысандарында өткен жылы 108,7 миллиард теңгенің сала өнімі өндірілді.

Осы уақытта 96,5 мың тонна ет және құс еті, 452,8 мың тонна сүт өндіріліп, 443,2 миллион дана жұмыртқа алынды, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда тиісінше 0,8-30,8 пайыз аралығында қалыптасқан. Жыл ішінде Аршалы ауданында ет өндіру көлемі 2,4 пайызға, Қорғалжында - 2 пайызға, Ерейментауда - 1,9 пайызға, сүт өндіру Атбасарда - 5,1 пайызға, Қорғалжында -4,1 пайызға, Ерейментауда - 3,4 пайызға, жұмыртқа алу Еңбекшілдерде -2,1 есеге, Аршалыда - 20,4 пайызға, Бурабайда 17,8 пайызға артқандығы тіркеліп отыр. Бүгінде аймақта 395 мың ірі қара, 351,5 мың қой мен ешкі, 196,4 мың шошқа, 96,8 мың жылқы, 3 миллион 426 мың құс күтімге алынған, өсім бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,2-3,6 пайыз аралығында өсіп отыр.