18:16, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ауыл шаруашылығы өнімдері арзандатылған бағамен сатылуда ? Атырау облысы
АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда бірнеше күн бойы ауыл шаруашылығы өнімдері арзандатылған бағамен сатылды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мұнда қала әкімдігінің бастамасымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Базар қожайындарымен келісе отырып, жәрмеңкеге қатысушылар орынға ақы төлеген жоқ, сөйтіп, өз өнімдерінің бағасын арзандатты. Еттің киләсі ? 500 теңгеден, картоп ? 65, балық ? 50-60 теңгеден өткізілді. Қырыққабат, пияз, сәбіз де біршама арзан бағаға сатылды.