Ауыл шаруашылығы өнімін уақытында жеткізуге кері әсерін тигізетін жағдайлар болмауы тиіс - Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қырғызстаннан Жамбыл облысына жеткізілетін көкөніс өнімдері үшін «жасыл дәліз» жасалуы  және кедендік өткізу рәсімдері мейлінше оңайлатылуы тиіс.
None
None

Таяуда Жамбыл облысының Қордай ауылында өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы  ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның көшпелі отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімі  баспасөз қызметінің хабарлауынша, жамбылдық аграршылардың  ауыл шаруашылығы өнімін өндіруі аймақтың тұтыну қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады. Бірақ, көкөніс сақтау қоймаларының жетімсіздігі салдарынан  көкөністің негізгі көлемі жиын-терін кезінде -   жаз айларында сатылып кетеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне тапшылық  қырғызстандық жеткізушілер есебінен толықтырылады.  Қырғызстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді тарту және олар өз өнімдерін өткізу үшін Тараздағы орталық базардан 80 сауда орыны бөлінді.  Ортада жүретін делдалдар санын азайту және  өз өнімдерін шаруалардың өздері сатуы үшін облыс орталығында арнайы сауда нүктелерін ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.

Көкөніс өнімдерін көтерме саудамен жеткізушілер қазіргі уақытта кедендік өту және кедендік ресімдеу кезінде  бюрократтық  кедергілерге килігіп,  мемлекеттік орган шенеуніктері  тарапынан заңсыз  алымдарға тап болуда.

Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық көшпелі отырысында  маусымдық көкөніс түрлерін  жеткізуді реттеу, сондай-ақ  ауыл шаруашылығы өнімдерін уақытында жеткізуге кері әсерін тигізетін жағдайларды болдырмау жөнінде бірлескен шаралар қабылдау мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар