Ауыл шаруашылығы вице-министрі Оңтүстік Қазақстанда кеңес өткізді

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев пен ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапармен болды. Вице-министр сапар барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер, сервистік дайындау орталықтары мен ауылдық тұтыну кооператив жетекшілерімен кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен. Келесі күні вице-министр Мақтарал ауданындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Жиында көктемгі егін егу жұмыстарын ұйымдастыру, Сырдария өзеніндегі судың тапшылығына байланысты оңтүстік облыстардағы егіс алқаптарын оңтайландыру және су ресурстарын үнемдеп пайдалану, ауылдық тұтыну кооперативтерінің жұмысы, ОҚО ауыл шаруашылығы өнімдерін қайтадан өңдеу саласын дамытудағы проблемалар мен жетістіктер, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын міндетті түрде сақтандыру жайы сөз болды. Мақта саласын заңды түрде реттеу мақсатымен Қазақстан Республикасында «Мақта саласын дамыту туралы» заң қабылданды. Бұл заң еліміздегі мақтаның сатылуы мен сақталуы, қайтадан өңделуі мен өндірілуі кезінде туындайтын қоғамдық байланыстарды ретке келтірумен бірге, мақта саласының дамуындағы құқықтық, ұйымдастыру және экономикалық негіздерді айқындайды. Алайда, мақта саласында орын алған қиындықтар қазірде осы заңның әлі де өз деңгейінде орындалмай отырғандығын көрсетеді. Бұдан өзге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті мониторингтің жүргізілмеуі, мақта тұқымдарын себу кезіндегі фитосанитарлық жағдайдың әлсіреуіне қауіп төндіреді. Бұл әсіресе, топырақ құнарлылығының жойылуына, жердің сорлануына әрі ұсақ шаруа қожалықтарының ірі және орта ауылшаруашылық құрылымдарына бірігу процесін тежейді. Мақтаның сатылуы мен сапасы жөніндегі жиын-терім есебінің жүргізілмеуі, мақта нарығындағы мониторинг пен мақта нарығына қатысушылар және оны қадағалайтын органдар үшін қажетті ақпараттардың жоқтығы, мақта нарығының ашықтығына кері әсерін тигізген. Арман Евниевтің айтуынша, бүгінгі күні аталған бағытта қажетті жұмыстар дұрыс жүргізілмеген. Атап айтқанда, мақтаны қайтадан өңдеуші ұйымдар тарапынан мақтаның саны мен сапасын есептеу, мақтаға қолхат алу тәртібі, тіркеудегі сынақтан өткізуші зертхана жұмыстарына бақылау жасау, мақта шикізатының сапасына сараптама жүргізу тәртібі және мақта шикізатының сапасы туралы куәлік беру жұмыстары бақылауға алынбаған.Бүгінгі күнге дейін мақтаны қайтадан өңдеуге рұқсаты бар 16 ұйымның тек 3-уі ғана мақтаның қолқаты арқылы өз міндеттерін орындауға кепілдік беретін жүйеге қосылу үшін «ҚазАгроГарант» АҚ мен келісімге отырған. Басқосуда, вице-министр осы шараларға байланысты жергілікті атқарушы органдармен мақтаны қайтадан өңдеуші ұйымдар арасында мақтаның қолқаты арқылы өз міндеттерін орындауға кепілдік беретін жүйеге міндетті түрде қосылу үшін тиісті түсіндіру жұмыстарының қажеттігін атап өтті. Аталған заңдағы қажетті шараларды жүзеге асыра алмай отырған облыс әкімшілігінің шарасыздығы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызығушылығы мен мақта нарығының тиімді жұмыс жасауын және қазақстандық мақтаның бәсекеге қабілеттілігін арттыра алмайды. «Осыған байланысты бірқатар бірлескен тұжырымдамалық шараларды қабылдау арқылы біз, заңның толыққанды жүзеге асуына жағдай жасаймыз»,- деді вице-министр.
Соңғы жаңалықтар