Ауыл шаруашылығына артылатын үміт зор ? К.Сағадиев

АСТАНА. Ақпанның 6-сы ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шетелдің танымал деген сарапшыларының пікірлерінше, алдағы жылдар Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін өте сәтті болмақ.
None
None
Өйткені болашақта Ресей мен Қытайда, Украина мен Америка Құрама Штаттарында және өзге де бірқатар мемлекеттерде астық қоры аз болады деп күтілуде. Мұндай жағдайдың Қазақстан өніміне деген сұранысты арттыратыны түсінікті. Сондықтан мемлекет ешқандай да қиындықтарға қарамастан осы салаға күш салуы керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында мәжіліс депутаты К.Сағадиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталған мәселелерді ескере отырып, мемлекетке болашақта мол көлемде астық жинау жағын ойластыру қажет. «Бұған қажетті ресурстар жеткілікті. Сондай-ақ шағын және орта бизнеске бөлінетін қаржының пайыздық ставкаларын да төмендеткен абзал», - дейді депутат. Оның пайымдауынша, қазір елдегі қандай да бір саладағы өндірісте үлкен өсім болады деп үміттенудің өзі артық. Ал ауыл шаруашылығы саласы туралы әңгіменің жөні бөлек. «Біз бұл салаға қазір барынша мол қаржы құйып отырмыз. Осы орайда айта кететін мәселе, қазіргі таңда біз үшін мал шаруашылығын қолға алудың маңызы зор. Өйткені қазір халық малды шығынға ұшыратып жатыр. Ал оны түпкілікті жоғалтып алатын болсақ, алдағы онжылдықты жіберген олқылығымыздың орнын толтырумен өткіземіз. Қазіргі таңда еліміздегі мал шаруашылығын дамытуға кедергі болып отырған бір ғана мәселе бар. Ол - малдың азық-түлігі», - деді депутат.
Соңғы жаңалықтар