Ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісі 27,3 пайыз ұлғайды

АСТАНА 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 11 айында ауыл шарушылығының жалпы өнім өндірісі (қызмет көрсетуі) 2135,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,3 пайызға көп, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.
None
None

«16,1 млн. га егістік алқабынан 18,5 ц/га шығымдылықпен бункерлік салмақта 29,7 млн. тонна астық бастырылды (бұл 2010 жылғы деңгейден (9,0 ц/га) 9,5 ц/га немесе 2 есеге көп),- делінген ведомство ақпарында.

Атап айтқанда, 13,8 млн. га алқаптан 25,1 млн. тонна бидай (орташа шығымдылық -18,2 ц/га), 1,5 млн. га алқаптан 2,7 млн. тонна тары (18,2 ц/га) бастырылды. 46,5 ц/га шығымдылықпен 435 мың тонна күріш, 48,6 ц/га шығымдылықпен 479 тонна жүгері жиналды.

Соңғы жаңалықтар