«Ауыл» социал-демократиялық партиясы Қазақстандағы агроқалашықтарды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірледі

None
None
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Қазақстандағы агроқалашықтарды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Ауыл» социал-демократиялық партиясының 18 съезі барысында мәлім болды.

Жиында сөз сөйлеген «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев Қазақстанның Кеден одағы шеңберіндегі мәселелерін айта келе, оның алдағы әлеуетіне тоқталып өтті. «Біз Кеден одағына ендік. Мен бұны - анық орныққан факт деп санаймын. Сонымен қатар, қазіргі таңда мұндай жергілікті интеграция әлемнің барлық өңірінде орын алып отырғаны белгілі. Ендеше біз өзіміз енген Кеден одағын еліміздің одан арғы әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса қажетті трамплині ретінде пайдалануға тиіспіз», - деп атап өтті партия төрағасы. Бұл ретте Ғани Қалиев Кеден одағы шеңберіндегі Беларусь елінің тәжірибелеріне назар аудартты. Төрағаның айтуынша, аталған елде ірі агроқалашықтар құрылып, сол арқылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық проблемалары лайықты шешімін тауып, өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл» партиясы 2000 жылы құрылған болатын. Оның мүшелер саны 200 мың адамнан асады.

Соңғы жаңалықтар
telegram