Ауыл тұрғындары жол азабынан құтылды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазалыда аудан орталығынан алыста орналасқан ауылға автобус қатынайтын болды. Оған тұрғындар дән риза, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аудан әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Тілеуімбетов хабарлағандай, Әйтеке би кентінен 180 шақырым жердегі Ажар ауылынан қалаға қатынау мұң болатын. Себебі жол алыс, ал автобустың табысы өзін-өзі ақтамайды.

Осыны ескерген аудан әкімі Бақыт Жақановтың ықпалымен бюджеттен тасымалдау шығынын жабу үшін арнайы қаржы бөлінген еді. Енді «Кәукей-Ажар», «Ажар-Кәукей» бағытында аптасына екі рет автобус қатынайтын болды.

Соңғы жаңалықтар