Ауыл жастарының көшбасшылары Павлодарда бас қосады

 ПАВЛОДАР.   Шілденің  9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   «Қазақстанның    Ауыл жастары  одағының»   кеңейтілген  кеңесі  бүгін    Павлодарда  бас қосады, 
None
None

деп   хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Ертіс жағалауындағы  қалаға  республиканың барлық өңірінен     жастар ұйымдарының    көшбасшылары  жиналып    отыр,    кеңес  жұмысына сондай-ақ  Павлодар облысының   ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен  мемлекеттік  органдарының басшылары  да қатысады.

Кеңеске  қатысушылар бүгін Ақсу селолық  аумағындағы  жастар ұйымдарының  қызметімен танысады,    Красноармейка селосындағы  «Тәлімгер»   қоғамдық  бірлестігінде  болады,  Шарбақты ауданында   «Жастар толқыны»    қоғамдық  ұйымының белсенділерімен  кездеседі.

Кеңестің жалпы   кеңесі   ертең   Павлодардағы Достық үйінде   өтеді, онда     Павлодар облысының әкімі мен  «Қазақстанның   Ауыл жастары  одағы»      республикалық қоғамдық   бірлестігінің төрағасы Жастар  саясатын    жүзеге асырудағы  ынтымақтастық  туралы меморандумға  қол қояды  деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар