Ауылда бизнеске бет бұрған әйелдер саны артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Талқылаулар барысында нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкер әйелдерді қаржылық және басқа да тетіктермен қолдау бағыттары қаралды.

«Бағдарлама арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлерді қаржыландырудамыз. Өткен жылы бұл бағдарламаның бюджеті 27 млрд теңгеге тарта қаржыны құрады. Осы орайда 6,7 мың несие беріліп, оның ішінде 2,3 мыңын кәсіпкер әйелдер алды. Біз екі бағыт бойынша қаржыландырамыз, яғни ауыл шаруашылығына қатысты және ауыл шаруашылығына қатысты емес бизнес болып бөлінеді. Атап айтқанда, бизнестің ауыл шаруашылығы емес түрі бойынша несиелерді негізінен әйелдер алады. Олар ауылдағы инфрақұрылымды дамытып жатқандығы қуантады. Бұл ретте шаштараз, тігін салондары, наубайханалар ашылуда», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов тілшілерге берген сұхбатында.
null 

Сонымен қатар ол биыл шағын несиелеу шараларына 30 млрд теңгеге тарта қаржы бөлінгенін еске салып өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауы арқылы республикалық бюджеттен қосымша 13,9 млрд теңге бөлініп, бізде шағын несиелеуге ескерілген жалпы бюджет 44,7 млрд теңгені құрады. Бұл тұрғыда 11 мың кәсіпкерді несиелендіру мақсатын қойып отырмыз және осы салада жақсы қарқын орын алғанын байқадық. Біз 498 несиені бердік, оның ішінде 174-ін әйелдер алды. Былтыр әйелдер кәсіпкерлігінің орташа үлесі 35 пайыз болса, қазіргі кезде 43 пайызға жетті. Осы арқылы әйелдер белсендігі ерлерге қарағанда артықтау екенін атап өтуге болады», - деп түйді Р. Құрманов.

null 

Соңғы жаңалықтар