Ауылда қызметкеріне үй салып берген жұмыс берушінің шығынын Индустрия министрлігі субсидиялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, енді Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігіне мына өкілеттіктер берілмек:

- ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді:

- ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.

Айта кетейік, бұған дейін аталған ведомствода мұндай функция болмаған еді.

Үкімет қаулысы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Бұрын хабарлағанымыздай, енді ауылдық елді мекенде өз жұмыскерлері үшін үй салып берген жұмыс берушілердің 50 пайыз шығыны субсидияланады.


Соңғы жаңалықтар