Ауылда мәдениет үйі ашылды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні Конституция күні қарсаңында Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылында қос қабатты, 200 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.
None
None

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, еліміздегі барлық заңдар бастауын Конституциядан алады. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз еліміз еңсесін тіктеп, ертеңгі күнге нық сеніммен алға басып келеді. Халықтың, соның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру, сапалы қызмет көрсету, жаңа нысандар салу үнемі назарда. Айталық, көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Қаратөбе ауданы орталығына дейін жол тарту биыл аяқталады. Бір-екі жылда Қаратөбе ауданының елді мекендерін көгілдір отынмен түгелдей қамту көзделуде. Біткен істің бірі - іші-сырты бірдей сыңғырлап тұрған, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жасақталған Қалдығайты ауылдық мәдениет үйі. Осының бәрі Елбасы берген тапсырмалардың негізінде жүзеге асуда.

Аталған мәдениет үйінің тозығы жеткен ескі ғимараты 2009 жылы бұзылған болатын. Жаңа нысан құрылысына «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының әлеуметтік салаға бөлген қаржысы есебінен 330 млн. теңге қаралып, «Жайықауылқұрылысы» ЖШС сәулетті мәдениет үйін бір жыл ішінде салып бітірді.

Соңғы жаңалықтар