16:58, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Ауылда тынығу лагері жұмысын бастап кетті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жаз маусымы басталысымен жер-жерлерде балалардың тынығу лагерьлері өз жұмысын бастап кетті. Соның бірі - Қоғалыкөл ауылында №44 орта мектеп жанынан ұйымдастырылған «Балдәурен» күндізгі тынығу лагері.

Демалыс орнына 4 ауысым бойынша 260 оқушы тартылады. Бүлдіршіндердің жақсы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда «Марламқаш», «Әнші балапан» секілді түрлі сайыстар ұйымдастырылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге көп көңіл бөлінуде.
Бір айта кетерлігі, «Қоғалыкөл-Жер» ЖШС төрағасы Сәрсенбек Көмірбаев пен жеке кәсіпкер Бақыт Текебаева жомарттық танытып, тынығу орталығына демеушілік жасап отыр.