Ауылдарда өткен «Қазақстан барысының» іріктеу турниріне 100 мыңға жуық палуан қатысты

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің бірінші кезеңі аяқталды.
None
None

Іріктеу сайысына 2 мыңнан астам ауылдық елді мекеннен 100 мыңға жуық палуан қатысты. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Карин мәлім етті.

«Ауылдық округтерде өткен жарыстар өте жоғары деңгейде өтті. Жастардың, балалардың арасында қызығушылық өте зор. Қаншама талантты жасөспірімдер ашылып келеді. Бірінші кезеңдегі жарыс 31 салмақ дәрежелері және 4 жас ерекшеліктері бойынша өткен болатын. Бұл дода 2 мыңнан астам ауылдық округтерді қамтыды. Оған 100 мыңнан астам спортшы белсене қатысты», - деп атап өтті Е.Карин.

Оның атап өткеніндей, палуандардың 32 пайызын 14-15 жастағы жеткіншектер құрады. Жалпы бірінші кезеңде 40 мың жеңімпаз іріктеліп алынбақ. Турнирдің ендігі сайыстары аудандық және қалалық деңгейде өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар