Ауылдасын өлтірген қос күдікті қамауға алынды - БҚО

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Зеленов ауданына қарасты Володар ауылының екі тұрғынын қамауға алуға сот санкция берді.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған ауылдың тұрғындары Меренков, Кривобоков және Ажмұқанов биылғы 24 қыркүйек күні таңғы төрттер шамасында Володар ауылындағы дүкеннің жанында отырып, арақ ішкен. Осы кезде өзара кикілжің басталады да, арты жанжалға ұласады. Қарсыласына жұдырығын ала ұмтылған Меренков Ажмұқановты әуелі соққыға жығып, сосын қылғындыра бастайды. Ал Кривобоков Меренковқа жақтасып, Ажмұқановтың қолын темір сыммен байлап тастайды. Қарсыласа алмай, әбден таяқ жеген жігіт сол жерде көз жұмады. Енді әлгі екеу қылмыстарының ізін жасыру үшін жансыз денені ауылдан үш шақырым жердегі орман алқабындағы темір тұрбаның ішіне жасырып, іздерін суытады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 2-бөлігінің «ж» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 12 жылдан жоғары бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу органдары Меренков пен Кривобоковты бостандықта жүріп, тергеуден және соттан бой тасалап кетуі мүмкін деп, оларды қамауға алуға санкция беруін сұраған еді. Зеленов аудандық №2 сотының қаулысымен олар 2 айға қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар