16:57, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Ауылдасын пышақтап өлтірген жас жігіт қамауға алынып, тергелуде - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округіне қарасты 1 мамыр ауылында 1994 жылғы К. деген азамат ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 1 қаңтарға қараған түні екі жас адам төбелескен. Соңында К. 27 жасар Ж-ны пышақтап өлтірген.
Айта кетейік, марқұмның соңында әйелі, кішкентай баласы жетім қалды.