Ауылды дамыту ісінде ілгерілеу бар ? Халықтық тұғырнама

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2004-2008 жылдары ауылдық жерлерде 255 білім беру орны, 163 денсаулық сақтау нысаны, 53 мәдениет, спорт және туризм нысаны және 300 шақырым жол салынды. Бұның барлығы «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасында Селолық аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында атқарылған істер,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ауылды дамыту - мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Елімізде 7172 елді мекен бар. Ал халықтың 46,7 пайызы (7,3 млн. адам) ауылдық жерлерде тұрады. 2004-2010 жылдарға арналған Селолық аймақтарды дамыту бағдарламасында ауылдық жерлердің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту тетіктері, су жүйелерін, байланыс және жолдарды салу қарастырылған. «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 2002-2007 жылдары ел бюджетінен бөлінген 80 млрд. теңгеден астам қаражат толықтай игерілді. 2008 жылы 24 млрд. теңге бөлінсе, сол жылы жергілікті бюджеттерден қосымша 11,9 млрд. теңге қаржы су жүйесін салуға пайдаланылды.Аталмыш бағдарламасының аясында 66 елді мекен жарықпен қамтамасыз етілсе, 528 ауылдың табиғи газға қолдары жетті. Телефон байланысына барлық ауылдық жерлерді қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Жоғарыда аталған 7172 ауылдың 1841-і, яғни 25,6 пайызы дамудың жоғары әлеуетіне ие деп бағаланып отыр. 5159 ауыл - орташа, 135-і - төмен әлеуетті. Бұл көрсеткіш ауылдық елді мекендердің дамуы мен жергілікті билік органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Соңғы жаңалықтар
telegram