Ауылдың басты табысы егіншілік пен мал шаруашылығынан құралады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шалғай аудандағы серіктестік жетекшісінің айтуынша, бүгінгі таңда егіншілікпен қатар асыл тұқымды мал өсіруге ден қойылып отыр. Жыл соңына дейін мал өнімдерін тереңдетіп өңдеуге қатысты барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, тың кәсіпорын іске қосылмақ. Қазіргі кезде шаруашылықта 1800 бас қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасы күтімге алынған. Оның сыртында бес мың еділбай қойы бағылады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды іс. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарларының ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс», - деп атап көрсеткен тапсырмасының орындалуы біздерге, ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне байланысты. «Ендігі күш-жігер осы бағыттарға жұмылдырылатын болады», - дейді серіктестік басшысы.