Ауылға интернет тартқан операторларға «соңғы миль» субсидиясы төленеді
«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерге цифрландыруды енгізу үшін телекоммуникациялық инфрақұрылыммен, оның ішінде Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау қажет.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың көпшілігі ауылдық елді мекендерден тыс жерде екені анықталды.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен агроөнеркәсіптік кешендерді Интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады», - деп жазылған Ұлттық жоба мәтінінде.
Жоба авторларының есептеуінше, байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернет тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз.
«Осыған байланысты, шағын және орта байланыс операторлары үшін ауылдық елді мекендердегі үй шаруашылықтарына интернеттің «соңғы милін» субсидиялау тетігі көзделген», - делінген құжатта.