Ауылға келген дәрігер оралманға барлық жағдай жасалды

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ташкент медицина институты Нүкіс филиалының педиатрия бөлімін бітірген Светлана Бердышева Батыс Қазақстан облысына келіп, жұмысқа орналасты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәрігер жетіспеушілігі сезіліп отырған өңірде С.Бердышеваны облыстық денсаулық сақтау басқармасы Теректі ауданы Сарыөмір ауылына бөлді. Аудан әкімдігі жас дәрігерді жақсы жөнделген үймен қамтамасыз етсе, аудандық денсаулық сақтау бөлімі жергілікті демеушілермен бірге жиһаз, тұрмыстық техника алып берді. Сөйтіп жас дәрігердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Өткен жылы облысқа осындай отыз жеті маман келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медицина оқу орны түлектерін өңірге тарту жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ.
Соңғы жаңалықтар