Ауыр атлетика: Әлемдік рейтингте Ногай мен Чиншанло көш бастап тұр

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингке келсек, 69 келіде қазақстандық Альберт Линдер екінші сатыда тұр. Бірінші сатыда ресейлік Хетаг Хугаев тұр.
Қыздардан 63 келіде Алина Филимонова да екінші орынға жайғасқан. Оның алдында мексикалық Джениффер Канту тұр.
+69 келі салмақтың тізгіні Надежда Ногайдың қолында.
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингте қазақстандық Зүлфия Чиншанло 53 келіде көш бастап тұр.
63 келіде Карина Горичева үшінші, Сәуле Садуақасова тоғызыншы сатыға жайғасыпты. Бұл салмақта ресейлік Диана Ахметова бірінші орында.
69 келіде Анна Нұрмұхамбетова екінші, Жазира Жаппарқұл үшінші, Анастасия Швабауер бесінші орында тұр. Бірінші сатыда солтүстік кореялық «вундеркинд» Рим Джонг Сим.
+75 келіде тағы да Надежда Ногай бірінші тұр. Виктория Вагнер үшінші орынға жайғасыпты.
Ұлдардан 62 келіде Ерболат Жоламанов төртінші орында екен. 69 келідегі рейтингте Альберт Линдер де еніпті. Ол тоғызыншы орында. Ал Айдар Қазов пен Әлібек Балақаев 16-17 орынды өзара бөлісіп тұр.
77 келіде Қазыбек Жұбатқанов, 85 келіде Алберт Ахметов он бірінші сатыда.
94 келіде Максим Лактионов үздік бестікке енген.