Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпаздары 15 мың доллардан сыйақы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Илья Ильин, Жасұлан Қыдырбаев және Зүлфия Чиншанло Алматыда өткен Ауыр атлетикадан әлем чемпионатындағы «алтын» медальдары үшін 15 мың доллардан сыйақы алды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде белгілі болды.
None
None

«Спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызға үлкен рахмет! Барлықтарыңызды Қазақстанда алғаш рет өткен Әлем чемпионатын сәтті ұйымдастыруларыңызбен құттықтаймын. Біздің команданың көшбасшылары өте сәтті өнер көрсетті. Бұл чемпионат жаңа есімдерді ашты, Қазақстанның құрамасына болашағы зор спортшылар қосылып, біз тағы бір рет ауыр атлетикадан әлемдегі мықты елдердің бірі екенімізді дәлелдедік», - деді спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев. Сонымен қатар шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, спортшыларға алғысын білдірді. «Бүгінгі мереке барлығымызға ортақ. Қазақстанның Көк Туын желбіреткен адамдарға және де шәкірттерін жеңіске жетелей білетін жаттықтырушыларға алғысым шексіз. Соңғы жылдары біздің еліміздегі спорт жүйелі түрде дамып келеді. Бұл ретте спорттық жекпе-жек және спорттың күштік түрлері конфедерациясының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Чемпионаттың ұйымдастырушыларына да үлкен рахмет!Шетелдік қонақтар біріншіліктің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады. Осының барлығы біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды дәлелдейді», - деді ол. Шараның салтанатты бөлігінде біріншіліктің алтынын жеңіп алған Илья Ильин, Жасұлан Қыдырбаев және Зүлфия Чиншанло сынды спортшыларға 15 мың доллардан ақшалай сертификаттар табысталды. Ал әлемдік рекорд орнатқандары үшін И.Ильин мен З.Чиншанло қосымша 5 мың доллардан алды. Алтын алған спортшылардың жаттықтырушыларына да 10 мың доллардан сыйақы берілді. Күміс медаль алған Жазира Жаппарқұл мен Владимир Седов 7 мың доллардан алды. Жаттықтырушылары 5 мың долларлық сертификаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар