19:06, 07 Мамыр 2009 | GMT +5
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында бақ сынайтын ұлттық құраманың тізімі белгілі болды
АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ауыр атлетикадан мамырдың 11-15 күндері Талдықорғанда өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын ұлттық құраманың мүшелері айқындалды. Оны бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас бапкер Алексей Ни мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл ерлер арасында 40-шы, ал әйелдер арасында 21-ші рет өтетін
құрлық біріншілігінің ұйымдастырушысы Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ауыр атлетика қауымдастығы және Алматы облысының әкімдігі. Азия чемпионаты тарихында оған алғаш рет 27 ел өз құрамасын қосуға келісім беріп отыр. Оған ең үлкен делегация Қытай (30 адам), Иран (28 адам), Тайланд (25 адам), Үндістан (24 адам), Жапония (20 адам), Индонезия (17 адам), Тайпей (16 адам), Қазақстан (15 адам), Өзбекстан (14 адам), КХДР ( 14 адам), Корея Республикасынан (14 адам) қатыспақ. Алексей Нидің айтуынша, Қазақстан намсын бұл жолы ерлер арасында 8, әйелдер арасында 7 спортшы қорғайды. Олар Қуаныш Рахатов, Алмас Өтешов, Владимир Седов, Игорь Вашанов, Сергей Истомин, Яков Берх, Аслан Абдуллаев, Айбол Алдабергенов, Светлана Черемшанова, Татьяна Кутенко, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Татьяна Хромова, Александра Аборнева, Светлана Виноградова. Ерлер арасында ересегі Сергей 23-те болса, ең жасы Айбол 20-да. Ал әйелдер арасында, тиісінше 1980 жылғы Т. Хромова мен 1988 жылғы Т. Кутова. Сондықтан бұл жарыста өнер көрсететін құрамадағы жастар Лондон Олимпиадасынан басты үміткерлер деуге болады.