10:56, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Ауыр атлетикадан ҚР чемпионатының жеңімпазына Илья Ильиннің кубогы табысталады - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 4-8 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы "Евразия" СК-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан жекелей жаттығулар бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы өтеді, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, барлығы 240 спортшы қатысып, 15 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
94 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты табысталады. Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ауыр атлетика федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.