Ауыр салмақты кран Павлодар болат конструкциялары зауытында әзірленді

ПАВЛОДАР. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жүк көтеру салмағы 32 тонна болатын төрттағанды кранды даярлауды «Стальмонтаж» ЖШС  зауыты аяқтады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алып кранды Мойнақ ГЭС-і құрылысшыларының тапсырысы бойынша зауыт конструкторлары әзірледі және зауыт мамандары құрастырды. Көтергіш механизмінің ерекшелігі ретінде бас конструктор Евгений Тальян оның барлық тіреуіштерінің бекемдігін,  жоғары дәлдікпен даярланғанын айтты. Павлодарлық конструкцияның бірегейлігі - көтеру биіктігі мен жүктің салмағы осыншама жоғары төрттағанды кран елімізде алғаш рет әзірленіп отыр.

Сынақ үшін зауытта арнайы полигон құрылған, мұнда мамандар тапсырыс берушіге жөнелту алдында механизмдерді тексеруден өткізетін болады.

Соңғы жаңалықтар